Бала тұйық болмас үшін... Психолог кеңесі

Кішкентай кезінен бастап, балаңыз өз қатарластарымен достасып, тіл табысып кететіндей мүмкіндік жасап отырыңыз. Баласы көп отбасына қонаққа барыңыз, көрші үйдің балаларын қонаққа шақырыңыз, мерекелі сәттерді ұйымдастырыңыз. • Балаға шектен тыс қамқор болмаңыз, не болмаса ерік жігерін жасытатын сөздер айтыңыз. Әр нәрсені өз ойымен өз бетімен шешетіндей жағдай тудырыңыз.

  • Көрші ұлдар немесе қыздар арасынан балаңызбен үнемі араласып тұратын, сөйлесетін бала табыңыз. Мұны ертерек іске асырғаныңыз жақсы.
  • Балаңыз ауладағы балалармен ойнап жүрсе, тек бақылаушының рөлінде тұрып қалмаңыз. Олар тоқтап қалса, араларына кіріп кетіңіз, ойынға қатысып, балаңызбен олардың достық қарым-қатынас орнатуына көмектесіңіз. Егер балаларыңыз бір-бірімен жанжалдасып қалса, онда татуластырыңыз. Ойын біткен болса, онда басқа қызықты ойын тауып жалғастырып жіберіңіз.
  • Баланы өз талаптарыңызбен, өз қызығушылығыңызбен, өз таңдауыңызбен мезі етпеңіз. Тек сіз айтқан ойындар мен кеңестер оны мезі етуі мүмкін. Өз қызығушылығы болмаған соң тез жалығады, өзіндік пікірі жоқ, басқаның ықпалымен жүретін балаға айналады.

Кеңес. Балабақшаға бейімделу

«Баланың балабақшаға бейімделуі»

Құрметті ата-аналар!
Сіздің балаңыз ержетіп балабақша босағасын аттауға дайын. Бірақ ескертіңіз, балабақша сіздің сәбиіңізге – бөтен адамдардың әлемі. Балаға түсіндіріңіз: «Сен балабақшада басқа балалармен қаласың, бірақ, мен сені тастамаймын, қайтадан оралып әкетемін».
Осы кепілдемелер арнайы сіздерге:
• Балабақшаға тек қана дені сау баланы әкеліңіз;
• Алдын-ала топтың күн тәртібімен танысып, балаңызға айтыңыз;
• Баланы топтың тәрбиешілерімен алдын-ала таныстырыңыз;
• Алғашқы күндері баланы балабақшада толық күнге қалтырмаңыз;
• Баланың көзінше балабақша мәселерін әңгімелемеңіз;
• Үйде баланы өзін-өзі күту әдеттеріне тәрбиелеңіз;
• Балаңызға ескертуге ұмытпаңыз: «Сен маған бұрынғыдай қымбаттысың, сүйкімдісің

Балалар электр жарақаттары және олардың алдын алу

Сыртқы факторлардың әсерінен адам ағзасындағы зақымданулар, біз бір сөзбен – жарақат деп атаймыз.

logo
Мекен-жай: Астана қ., Кенен Азербаева к., №39 үй
Байланыс:
+7 (7172) 42-06-46 қабылдау
+7 (7172) 27-89-30 меңгеруші

Бізді әлеуметтік желілерде бақылаңыз