Кеңес. Балабақшаға бейімделу

«Баланың балабақшаға бейімделуі»

Құрметті ата-аналар!
Сіздің балаңыз ержетіп балабақша босағасын аттауға дайын. Бірақ ескертіңіз, балабақша сіздің сәбиіңізге – бөтен адамдардың әлемі. Балаға түсіндіріңіз: «Сен балабақшада басқа балалармен қаласың, бірақ, мен сені тастамаймын, қайтадан оралып әкетемін».
Осы кепілдемелер арнайы сіздерге:
• Балабақшаға тек қана дені сау баланы әкеліңіз;
• Алдын-ала топтың күн тәртібімен танысып, балаңызға айтыңыз;
• Баланы топтың тәрбиешілерімен алдын-ала таныстырыңыз;
• Алғашқы күндері баланы балабақшада толық күнге қалтырмаңыз;
• Баланың көзінше балабақша мәселерін әңгімелемеңіз;
• Үйде баланы өзін-өзі күту әдеттеріне тәрбиелеңіз;
• Балаңызға ескертуге ұмытпаңыз: «Сен маған бұрынғыдай қымбаттысың, сүйкімдісің

Бейімделу.  Бейімделу деген не?  Бейімделу қалай өтеді?
Бейімделу деген жаңа қоршаған ортаға үйрену. Балабақша балаға, әрине, жаңа, әлі таныс емес кеңістік, жанашылық қарым-қатынас.
Баланың балабақшаға бейімделуі өзінің психо-физиологиялық және тұлғалық ерекшеліктеріне, отбасылық қарым-қатынастарына, мектепке дейінгі мекемедегінің қатысу шарттарына байланысты. Әр бала балабақшаға өзіндікпен үйренеді. Бірақ, бірнеше заңдылықтарды атап өтуге болады.
Біріншіде, ескертіңіз: 2-3 жастағы баланың өзінің құрдастарымен қарым-қатынаста боламын деген қажеттігі жоқ, ондай сезім әлі қалыптасқан жоқ. Осы жастағы балаға ер жеткен адам ойын серіктес, еліктеудің үлгісі және баланың тілектестік назарлығы мен ынтымақтастық қажеттілігін қанағаттандырады. Құрдастары осы қасиеттерді көрсете алмайды, өйткені өздері де осыған зарық. Осыдан бала балабақшаға тезірек бейімделе алмайды, өйткені анасымен құштарлық сезімі тығыз, анасының жоқ болғаны баланың қарқынды қарсылығын толғантады, әсіресе бала сезімтал және әсерлік болса.
2-3 жастағы балалар бөтен адамдардан және қарым-қатынастың таныс емес жағдайларынан қорқады. Осы қорқыныштар – баланың балабақшаға бейімделуінің бір себебі. Кейбір жағдайда осы себептер баланы жылаушақты, құштарлықты, арланғышты, жарақатты қылады, бала жиі сырқаттанады, өйткені, стресстер жастық ағзаның паналаулық күштерін әлсіретеді.
Сонымен қатар, ұл балалардың бейімделуі қыздарға қарағанда, қиыншылықпен өтеді. Өйткені олар осы жаста анасына құштарлықты, анадан айырылғанда көбірек уайымдайды. Эмоционалды дамытудан тыс балалардың бейімделуі теріс өтеді, өйткені олардың анаға деген құштарлықтары төмен. Психологтар келесі парадоксті ескертеді: бір жасқа дейінгі бала балабақшаға қабылданса, болашақта коммуникалдық сезімдері дамыған болады. Алғашқы эмоционалды жанасуды осындай бала анасымен емес, құрдастарымен құрады. Болашақта бұл баланың сүйіспеншілік, аяушылық, құштарлық сезімдері дамыған болмайды. 
Баланың анасымен эмоционалды байланысы дамығанымен, оның бейімделуі қиыншылықпен өтеді. Өкінішке қарай, бейімделу мәселелерін кейбір балалар өте алмайды.
Балабақшаға баратын бала не білу керек?
Балабақшаға баратын баланың өзіне-өзі қызмет ету дағдылары дамуға тиісті: киіну, ас ішу, дәретханаға бару, қол-бетін жуу, сүлгімен сүртіну. Әрине, тәрбиешілер түйме-бауларымен айналасуға көмектеседі, бірақ, олар бар топтағы он бес тәрбиеленушілерді әрқайсысын шешіндіріп-киіндіріп және қасықтан ас беруге үлгермейді.
Баланы киінуге қалай үйрету керек?
Келесі кеңестерге назар аударыңыздар:
- «Тек қана өзің киін!» – деп, айта көрмеңіз. Бірақ «Өзім киінемін!» – десе, бөгет жасамаңыз.
- Өз уақытыңызды баланың киінуге үйрену мезгілімен жоспарлаңыз. Таңертең жарты сағат ерте тұрғаныңыз жөн болады, өйткені жаңа дағдыға үйренуге бөгет жасамаңыз.
- Егер бала өзінен-өзі кингісі келмесе, кішкене көмектесіңіз. Мысалы: нәскиді кигізгенде, толық кигізбеңіз. «өзің жоғары тарт!» – деп, ұсыныс беріңіз.
- Тек қана жеңіл шешінетін киімді «Шеш!» -деп, балаға айтыңыз. Киіну-шешіну дағдысына бала бертіңдеп үйренеді, балаға кішкентай «сабақтарды» өжетті ұсыну дұрыс болады: «қолыңды жеңге өзің кіргіз», «қәйлегіңнін жеңін жөнде», т.б. Баламен сайыс та ұйымдастыруға болады: кім нәскиді тез киеді, кім шалбарды тез шкафқа іледі, т.б.

Ойыншықтарды жинауға қалай үйрету керек?

Балабақшаға алғашқы келген сәбидің «ойыншықты жинау» деген дағды баланың «багажында» болу тиісті. Балабақша да осыған үйретеді. Бала тәрбиешінің нұсқауларын орындауға үйренеді, жеке ұжымның беделі де рөлін ойнайды. Үйден осындай дағдыларға үйренбеген бала, балабақшада тәрбиешінің талабын ұнатпайды.
- Баладан «ойыншықтар тәртібін сақта!» – деген талабын сұрауға болмайды деген көзқарас бар. «Бәрін орын-орнына қой, шашпа!» – деген талап баланың шығармашылық потенциалын дамытпайды, оның іздену белсенділігін өшеді.
Бала неге жылайды? Баламен қоштасу жолдарының тиімдісі.

Баланың жылағаны – ренжігенін көрсету бірден- бір әдіс.
Балаға пайдалы қоштасуының рецептін тауып көрейік.
- Жұмыстан қалмау үшін және баламен қоштасуға уақыт қалтыру үшін, 5-10 минут ертерек жиналыңыз.
- Балаға қайда, неге баратыңызды ашық айтыңыз (мысалы: «Мен дүкенге барамын», «Мен жұмысқа компьютер басуға барамын»). Бала түсінбейді деп қорықпаңыз: сіздің сабырлы, ашық дауыс ырғағыңыз балаға көрсетеді: ананың баратын жері – жақсы жер, ананың айналасатын ісі – пайдалы және ұнамды.
Балабақша тәрбиешілері сәбилердің киімдері құрғақ болуын қадағалайды. Топтағы балалар саны көп болса да, олар серуеннен кейін әр баланың киімін тексеріп, киімдерін ауыстырады.
Назар аударыңыздар!