Жыл сайын Қазақстанда ондаған бала ашық терезеден құлап, ауыр жарақат алады немесе қайғылы жағдайға ұшырайды. Бұл — ата-аналардың бір сәттік салғырттығының салдары.
Жазда және күзде терезелер жиі ашық тұрады. Балалар үшін бұл – қызығушылық тудыратын, бірақ өте қауіпті орын.
НЕГЕ БҰЛ ҚАУІПТІ?
• Бала маскит торына сүйеніп, терезеден құлап кетуі мүмкін. Олар қорғаныш құралы емес!
• Балалар терезе тұсындағы орындыққа, үстелге мініп, жоғарыға көтеріледі.
• Бір ғана секундтық алаңдаушылық – орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ:
Терезелерге қорғаныш құлыптар орнатыңыз
Маскит торына сенбеңіз – ол қауіпсіз емес
Баланы терезе жанында жалғыз қалдырмаңыз
Терезе алдындағы жиһаздарды алыстатыңыз
Баламен қауіпсіздік туралы сөйлесіңіз – терезеге шығуға болмайтынын түсіндіріңіз
Бала өмірі – сіздің қолыңызда!
Сақтық шаралары – қарапайым, бірақ өте маңызды.
Қауіп төнген жағдайда бірден 112 нөміріне хабарласыңыз.
